Тоқаев ЕАЭО шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын талқылауға қатысты

1379
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -