Қазақстан мен Уругвай: екіжақты қатынастарды жандандырудың жаңа серпіні

1343
Фотосурет: ҚР СІМ

Уругвай тарапының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың алғашқы саяси консультациялар өткізу үшін Шығыс Уругвай Республикасына сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Уругвай Сыртқы істер министрінің орынбасары Николас Альбертонимен кездесу барысында екіжақты қатынастардың, жаһандық күн тәртіптің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бастамалар мен кандидатураларды өзара қолдау мәселелері бойынша көпжақты ықпалдастықтың өзекті аспектілері талқыланды.

Тараптар Уругвай Парламентінде «Қазақстан-Уругвай» парламенттік достық тобының құрылуын, сондай-ақ жақын арада Монтевидео қаласында Қазақстанның алғашқы Құрметті консулдығының құрылуын құптады. Саяси консультациялардың қорытындысы бойынша, тараптар, екіжақты және көпжақты ықпалдастықты кеңейтуге және Астанада Қазақстан-Уругвай саяси консультацияларының екінші раундын өткізуге уағдаласты.

Уругвай астанасына сапары барысында Қайрат Омаров Уругвай Парламенті Конгресінің спикері Анна Мария Оливейрамен, сенатор Маркос Метол Састре бастаған «Уругвай-Қазақстан» парламенттік достық тобымен, Латын Америкасы энергетикалық ұйымы (OLADE) мен Латын Америкасы интеграция қауымдастығының (ALADI) басшылығы Эдгар Фитжеральд Пиали және Бенхамин Бланкомен кездесулер өткізіп, сондай-ақ Уругвайдың іскер топтары мен экономикалық бірлестіктерінің өкілдеріне арналған «Уругвай-Қазақстан: инвестиция және сауда мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Уругвай тарапы мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға жаңа серпін берген Қазақстанның ресми делегациясының сапарын жоғары бағалады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -