Силезия кәсіпкерлері Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Катовице қаласындағы Құрметті консулдығының 5 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаевтың Силезия воеводствосының бизнес өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қазақстандық дипломат екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы, экономиканың түрлі салаларындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Қазақстанның Құрметті консулы Артур Низельдің Қазақстан-Польша әріптестігін нығайтудағы, сондай-ақ қазақстандық азаматтарға түрлі мәселелер бойынша көрсетілетін қолдаудағы рөлі ерекше аталып өтті.