Қазақстан Бонндағы климаттық конференцияға қатысуда

11011
Фотосурет: ҚР ЭТРМ

3 маусымнан бастап Германияның Бонн қаласында қазақстандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 60-шы сессиясының Климат жөніндегі Бонн конференциясының жұмысына кірісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бонн келіссөздері 11-22 қараша аралығында Бакуде өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (COP-29) конференциясында қорытынды шешімдерді әзірлеуге дайындық шарасы болып табылады.

Келіссөздер халықаралық климаттық қаржыландыру мәселелеріне, жаңа ұлттық климаттық жоспарларды және 2025 жылдың басында қабылдануы тиіс ашықтық бойынша екі жылдық есептерді әзірлеуге бағытталған.

Форумға әр елден алты мыңға жуық сарапшы қатысуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -