Тұрақты даму: Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты нығайтуда

5951
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Уго Моранмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде климаттық ынтымақтастық, биоәртүрлілікті қорғау және тұрақты даму саласындағы негізгі тақырыптар талқыланды.

Д. Мұсаев жаһандық экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ Испаниямен ынтымақтастық тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Мемлекеттік хатшы өз кезегінде Испанияның Қазақстанды экологиялық бастамаларында қолдауға дайын екенін айтып, осы саладағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол Испанияның қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша ортақ мақсаттарға жету үшін тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын екенін айтты.

Тараптар жоғарыда аталған салалардағы ынтымақтастықты қамтитын екіжақты келісімді әзірлеу бойынша жұмысты бастауға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -