Қазақстан мен Катар: ШЫҰ саммитінде дипломатияға 30 жыл және жаңа сауда мақсаттары

8558
Фотосурет: Gov

Қатар Әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды DKnews.kz.


  
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.


 
Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды. 

Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды. Қатар – Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін  $500 млн-ға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -