Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты ынтымақтастық

8690
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға алғашқы жұмыс сапарымен келген жаңадан тағайындалған Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы өзінің әріптесін тағайындалуымен, сондай-ақ ұлттық мерекесі – Беларусь Тәуелсіздігі күнімен және Беларусь Республикасының ШЫҰ мүшелігін алуымен құттықтады.

Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейлердегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

Сұхбат қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрдегі бағыттарының даму динамикасына жоғары баға берілді және сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниеті расталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -