Қазақстан үшін Жапондық тәжірибе: Су мамандары Токиода курстардан өтті

4070
Фотосурет: Gov

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияда білім алып келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен Жапонияда екі айлық курстан өтті.

Оқу курсында cуды тазартудың озық технологиялары, су тазарту қондырғыларының құрылысын жоспарлау және басқару, су тарату құбырлар желісін компьютерлік бақылау және су сұранысын болжау тақырыптары бойынша дәріс оқылды.

Сондай-ақ, Саппоро, Сендай, Кобе және Токио қалаларындағы су тазалау станцияларына, болат және пластмасса құбырлар шығаратын зауыттарға іссапар ұйымдастырылды.

«Курс бағдарламасы өте ауқымды болды. Дәрістерден бөлек, су тарату құбырларын жалғау және жөндеу, судың сынамасын алу және тағы да басқа тақырыптарда практикалық жаттығулар орындадық. Алдағы уақытта, Жапония елінен жинаған тәжірибемді тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлерімен бөлісуді жоспарлап отырмын»  Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің бас маманы Фариза Маденова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -