Қазақстан мен Қытай: Си Цзиньпиннің сапарынан кейінгі уағдаластықтарды іске асыру

5379
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдунмен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ағымдағы жылғы шілдеде Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Биылғы және келесі жылдарға жоспарланған екіжақты және көпжақты форматтардағы іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Елшісі қытай тарапының ҚР-ҚХР ынтымақтастық комитетінің жұмысына, екіжақты тауар айналымын ұлғайту үшін сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігіне, қазақ-қытай шекарасының өткізу бекеттеріндегі тығыз кооперацияға және мемлекеттердің арасындағы туристік алмасуларды дамытуға көңіл аударды.

Өз тарапынан Сунь Вэйдун Қазақстан мен Қытай министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің алдағы сапарларының маңыздылығын атап өтіп, ҚХР СІМ олардың табысты өтуіне қажетті күш-жігер жұмсайтынын мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету үшін екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -