Мұнай өңдеуді жаңғырту және "Axens" - тен декарбонизациялау

4664
Фотосурет: Gov

Францияның «Axens» компаниясы Қазақстанның тұрақты дамуға көшуіне өз үлесін қосуға дайын, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова француздық «Axens» компаниясының Бас директоры Квентин Дебюисшермен кездесу өткізді. Аталған кәсіпорын мұнай мен биомассаны таза отынға айналдыру шешімдерінің толық спектрін ұсынуда.

Жүздесу барысында қазақстандық дипломат елдегі инвестициялық климат туралы ақпарат беріп, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының негізгі мазмұнын түсіндірді.

Сонымен қатар, сұхбат барысында мұнайхимия, газохимия және көмірхимия салаларындағы декарбонизация мәселелері, сондай-ақ технологияларды енгізу перспективалары талқыланды. Осы тұрғыда француз кәсіпкері «Axens» компаниясының Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын дамыту және жаңғырту, сондай-ақ төмен көміртекті жобаларды әзірлеуге қатысу арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосу ниетін растады.

Тараптар бұдан басқа қазақстандық инженерлерді мұнайхимия және газохимия саласында даярлау мен қайта даярлау мүмкіндіктерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -