$960 млрд активтері бар Сауд қоры Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын

10087
Фотосурет: Gov

Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа мүдделі, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Public Investment Fund» атты Сауд Арабиясы мемлекеттік инвестициялық қорының директорлар кеңесінің бас хатшысы және аппарат басшысы Саад Әл-Крудпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен қор арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, оның ішінде әртүрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.

Осы ретте М. Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырды.

С. Әл-Круд Қазақстанмен тығыз өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және елде іске асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға қатысуға дайын екенін қуаттады.

«Public Investment Fund» 1971 жылы құрылды және Корольдік пен өңірдегі өнеркәсіп пен инфрақұрылым саласындағы ұзақ мерзімді мемлекеттік және квазимемлекеттік жобаларды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі. Аталған Қордың жалпы активтері 960 млрд АҚШ долларынан асатын әлемдегі ТОП-10 ең ірі әл-ауқат қорлардың бірі болып табылады, сондай-ақ «Saudi Vision-2030» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Корольдік экономикасын өзгертудің негізгі драйвері. Қордың құрамына елдің ең құнды активтері, соның ішінде ең ірі «Saudi Aramco» мұнай компаниясы кіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -