Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға дейін: қақтығыстардағы адамгершілік үшін жаһандық майдан

9768
Фотосурет: Gov

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп, халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті ынталандыру бойынша жаһандық бастама көтерді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Барлық континенттерден алты ел бастаған және барлық басқа мемлекеттердің қатысуына ашық бұл бастама қарулы қақтығыстардың теріс салдарын, бейбіт тұрғындардың азабын азайту және азаматтық инфрақұрылымды сақтау мақсатында Женева конвенцияларын құрметтеу, қорғау және сақтау бойынша әрекетті арттыруға бағытталған.

Бастаманы жүзеге асыру шеңберінде алты ел ХҚКК-дан Женева конвенцияларын әмбебап, біркелкі және адалдықпен қолдану және орындау жөніндегі міндеттемені жаңартуға бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен консультациялар өткізуді сұрады.

Консультациялардың нәтижелерін қорытындылау және бекіту үшін 2026 жылы Соғыс кезінде адами құндылықтарды сақтау жөніндегі жаһандық саммит өткізу жоспарлануда.

Барлық елдер ратификациялаған 1949 жылғы Женева конвенциялары қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғау ережелерін белгілейтін халықаралық гуманитарлық құқықтың негізін құрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -