Кытайдың Халықаралық импорттық ЭКСПО-сының ашылуына 2 күн қалды.

Қазақстан павильонында көптеген экспонаттар қазірдің өзінде қойылған. Биыл бұл көрмеге азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы шамамен 40 қазақстандық компания қатысады. Көрме 2024 жылдың 5-10 қараша аралығында Шанхайда өтеді.

Қазақстан 2018 жылдан бері Қытай ЭКСПО-сына белсенді қатысып келеді.



Алғашқы 5 жыл ішінде қазақстандық компаниялар көрме алаңында 250 миллион доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасты.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев CIIE көрмесін Қытай нарығына «алтын қақпа» деп атады.