ТЖМ баспасөз қызметі ең бастамашыл деп танылды

8877

«Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін Қазақстан журналистері арасында онлайн дауыс беру өткізді. Онлайн дауыс беру Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілері, сондай-ақ журналистер арасында тікелей сауалнама жүргізу арқылы өткізілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Дауыс беруге республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ТЖМ баспасөз қызметіне «Ең бастамашыл» номинациясы берілді.

Бұл марапат ТЖМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ТЖД мен ведомстволық бағынысты ұйымдары баспасөз қызметтерінің ұжымдық еңбегінің нәтижесі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -