Қарағанды облысында 20 мектеп жаңғыртылмақ

9691

Қарағанды облысында келесі жылы 20 мектеп жаңғыртылуы тиіс. Кешенді жабдықтармен 72 физика, химия, биология, робототехника кабинеттері және STEM-орталықтар қамтылады. Бұл ескірген кабинеттердің үлесін 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте облыстың бас педагогы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

Ескірген кабинеттердің үлесі биыл 62%-дан 56%-ға дейін төмендеді. Ондай көрсеткішке 51 пәндік кабинет сатып алу арқылы қол жеткізілді. 2023 жылы тағы 72 кабинет сатып алу жоспарлануда, бұл ескірген кабинеттердің үлесін 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова

"Кітап оқитын мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту көзделген, оған материалдық-техникалық базаны нығайту, компьютерлік паркті жүйелі жаңарту, цифрлық технологияларды дамыту кіреді. Атап айтқанда, IT -, Coworking -, STEM-орталықтарын құру, кітапхана қорын басқару жүйесін орнату қарастыоылып отыр.

Сондай-ақ келесі жылы 10 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүргізіледі.

Саран қаласында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

Балаларды шалғайдағы елді мекендерден тасымалдау үшін қосымша сегіз автобус сатып алынады.

Облыста 2025 жылға дейін барлығы 22 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -