Қазақстан Ұлттық Банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталғаны туралы хабарлайды. Оған қатысу үшін 2022 жылғы 26 желтоқсан – 2023 жылғы 26 қаңтар (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында электрондық резюме толтыру қажет, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT саласында).
Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезең – түйіндеме мен уәждемелік хат (эссе) беру, одан кейін оларды қарау қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылатын болады.
Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынған ізденушілер жыл ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін.
Кадр резервіне алынған кандидаттар тізімі Ұлттық Банктің сайтында жарияланады.