«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатылды

6160
Фотосурет: yandex.kz

«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы» Агенттік Басқармасының 22.11.2022ж. №92 қаулысын орындау үшін «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ 2022 жылғы 20 желтоқсанда «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген 15.03.2019ж. №2.1.67 лицензияның түпнұсқасын қайтарды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Лицензия қайтарылғаннан кейін «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

Өткізу актісіне сәйкес «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ құқықтары мен міндеттері «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ-қа өтті, оның ішінде мынадай міндеттемелер:

  • тараптар даулайтын міндеттемелер;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша тараптардың жиынтық міндеттемелері;
  • «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырылушылар) алдында міндеттемелер көтеретін не міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар қолданылу мерзімі өткен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -