Елордалық Ассамблея өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жөніндегі кеңеске қатысты

7469

Қалалық Достық үйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті және Астана қаласы ҚХА ұйымдастыруымен көші-қон қызметі басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының І орынбасары І.Базилов, Қалалық көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Пірімбет, сондай-ақ қалалық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу, азаматтық алу, шетелдік азаматтарды Астанада уақытша тіркеуге алу мәселелері қаралып, спикерлер мен қатысушылар өзара пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -