Қалалық Достық үйінде жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

11440

Елордалық Ассамблеяның ұйымдастыруымен Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ SOS Балалар ауылының және әлеуметтік осал топтың балаларына арналған Жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бағдарламаның бірінші бөлімінде кішкентай қонақтар үшін арнайы аквагрим ұйымдастырылды. Содан кейін балалар ертегі кейіпкерлерін тыңдап, шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, Аяз ата және Ақша қармен бірге көңіл көтерді.

Концерттік бағдарлама барлығының көңілінен шықты. Шара соңында ертеңгілікке қатысқан 50 бала Аяз ата мен Ақша қардың қолынан көптен күткен сыйлықтарын алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -