Әскери инфрақұрылым объектілері пайдалануға берілді

7810

Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов Жамбыл облысындағы әскери нысандарда жүргізілген жұмыстардың сапасын тексерді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапар барысында ведомство басшысының орынбасары жөндеу жүргізілген ғимараттар мен үй-жайларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жергілікті комиссиялардың қорытындыларымен танысты.

Бүгінде Луговой гарнизонында 400-ден астам әскери қызметші сиятын үш казармада жұмыс аяқталды. Сондай-ақ, қазандық, монша-кір жуу кешені мен үш тұрғын үй толықтай жөндеуден өткізілді.

Жуалы ауданында аудандық пайдалану бөлімі жөндеу-қалпына келтіру взводының күшімен әскери техника мен материалдық құралдарды сақтауға арналған екі ангар тұрғызылды. Бұдан өзге 100 орындық асхананың ағымдағы жөндеуі аяқталды.

"Әскери инфрақұрылымды жетілдіру - қорғаныс ведомствосының маңызды міндеттерінің бірі. Кең және ыңғайлы казармалар мен асханалар, әскери қалашықтардың үздіксіз жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы әскери қызметшілердің жайлы қызметі мен өмірінің негізі ғана емес, сонымен қатар жеке құрамның жауынгерлік дайындығының маңызды факторы болып табылады" генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов

Таяу күндері бірқатар гарнизондарда жөндеу жұмыстары аяқталатын нысандар пайдалануға берілмек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -