Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды қорғау туралы заң жобасы қаралды

7249
Фотосурет: Б.Серікбай

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Құжаттың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Заң жобасы Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 8 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасымен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де адамдардың шығыстары мен кірістерінің мөлшерлес болуын бақылау, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізбесін кеңейту мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қауіпсіздік шаралары реттеледі.

Заң жобасы қабылданғанда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатына халықтың сенім деңгейін арттыруға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жағымсыз көрініс болып отырған сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға мүмкіндік беретін болады.

Депутаттар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -