Алматыда жыл сайын жаңа жыл мерекесінде орта есеппен 11 өрт болады

11099
Фотосурет: © Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда жыл сайын жаңа жыл мерекесінде орта есеппен 11 өрт болады. Шамамен олардың 18%-ы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбауға байланысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, соңғы бес жылда 56 өрт болды, оның 10-ы пиротехникадан шыққан.

Пиротехниканы тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу қажет. Өнімнің қаптамасы майыспаған немесе бүлінбегеніне көз жеткізу керек.

Сонымен қатар, жарамдылық мерзіміне назар аударып, нұсқаулықты мұқият оқып шыққан жөн!

Карточкада отшашуды қалай дұрыс пайдалану керектігін айтамыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -