Баланы оқу орындарына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі жаңартылуда

10769

Республика бойынша 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ды, 3-6 жастағы балаларды қамту 98,4%-ды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа модельге сай стандарт, оқу жоспарлары және оқу бағдарламасы жаңартылып, баланың құзыреттіліктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.  

«2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар жергілікті бюджет есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Биыл алғаш рет 25 мыңнан астам баланы оқу орындарына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылуда. Әкімдіктер лизинг арқылы 515 мектеп автобусын сатып алуда. Осы жылы аз қамтылған отбасы бабаларына төленетін қаржы көлемін ұлғайту мен монетизациялауға қатысты Үкімет қаулысына  енгізілген өзгерістер нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда белгіленген қаржы 2 есеге артып, ата-аналардың шоттарына  аударылды. Осыған орай әлеуметтік қорғалмаған топтарға жататын отбасылардан шыққан 475 мыңнан астам бала керекті киім-кешекпен және оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді»  Ғани Бейсембаев 


Бүгінгі күні 1 – 11 сыныпта оқитын жекелеген санаттардағы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылғандар саны 161 294  балаға артты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -