Ұлттық ұланның елордалық құрамасына — 15 жыл

18766

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Үркер" тұрғын алабында орналасқан 5573 әскери бөлімі 29 желтоқсанда өзінің 15 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты іс-шараға Бас қолбасшылықтың, өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері, Астана гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің командирлері, ардагерлер мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері шақырылды.

Жедел құраманың жеке құрамы құрылған сәттен бастап көптеген саяси-көпшілік және басқа да бұқаралық іс-шараларда тәртіпті қамтамасыз етіп келеді. Олардың қатарында V Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Азия ойындары, ЕХРО-2017 және тағы да басқа маңызды шаралар бар.

"Елордалық бригада жауынгерлерінің күнделікті қызметі құрметке лайық. Бұл бөлініс Ұлттық ұланның Астана қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосатындығының, бас қала тұрғындары мен қонақтарына сенімді тірек болып табылатындығының – жарқын мысалы ретінде қызмет етеді"  Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы полковник Қайрат Үмбетов

Қайрат Жарылқасынұлы мерейтой иелерін құттықтап, құрама командирі полковник Аян Есжановқа ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың атынан бағалы сыйлықты табыс етті. Сондай-ақ, 5573 әскери бөлімінің жеке құрамын ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің, елордалық Полиция департаментінің өкілдері, ҚР Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев және басқалар құттықтап, марапаттар мен сый-сияпаттар табыстады.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, бөлім командирінің және басқа да күш құрылымдары басшыларының бұйрықтарымен барлығы 200-ден астам әскери қызметші медальдармен, кеуде белгілерімен және грамоталармен марапатталды.

Марапаттаудан кейін әскердің Ән-би ансамблінің солистері мен би топтары, Үлгілі-көрсетімді оркестрі қонақтарға мерекелік концерт ұсынды.

Сондай-ақ режиссер Нұржігіт Мыңбаев жетекшілік ететін шығармашылық топтың қолдауымен және қатысуымен әскери бөлімнің штаттан тыс тілшілері түсірген "Ант" көркем фильмінің тұсауы кесілді. Айта кету керек, басты рөлдерді аталмыш бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар сомдады және фильм қысқа мерзімде түсірілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -