ҚҚС асып кетуін қайтару: 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болды

18337

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен 2022 жылы 551 экспорттаушыға 858,5 млрд теңге сомасында ҚҚС бюджеттен қайтарылды, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен 28 компанияға 247 млрд теңге, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіруді оңайлату шеңберінде Салық кодексінің 431 бабының 2 тармағына ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігіне ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімдерін 150 күнтізбелік күнінен 75 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.

Сондай-ақ, өз тауарларын өндіретін өндірушілердің қайта өңдеу өнеркәсіптерін ынталандыру мақсатында, сыртқа тұрақты түрде әкетіп тұруды іске асыратын шарттардың орындалуына оңайлатылған тәртіпте қарамастан ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігіне Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізілген.

Енгізілген өзгертулер, экспорттаушылардың айналым қаражаттарын толықтырып тұруларына ықпалын тигізеді, жалпы алғанда,еліміздің экспорттық потенциалын және экономика саласының басымдылығын дамытуға оңды әсерін тигізеді.

Осы өзгертулер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -