Мереке күндері Алматының қоғамдық көлік қалай жүреді?

15114
Фотосурет: inbusiness.kz

31 желтоқсанда қоғамдық көлік әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

1 қаңтарда қоғамдық көліктің 50% жолға шығады.

2, 3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70%-ы қызмет көрсетеді.

№ 3 түнгі бағыт кестесі өзгеріссіз – сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүреді.

«Медеу» мұз айдынына баратын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус қатынайды.

Алматы метрополитені мерекелік кестеге сәйкес, сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін 12-15 минуттық интервалмен қызмет көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -