Қорғаныс министрінің Жаңа жылмен құттықтауы

20988

Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің азаматтық персоналы! Құрметті ардагерлер!

 
Өткен жыл сынаққа толы болды. Әйтсе де, соған қарамастан, жауынгерлік дайындық шараларының бәрі толықтай орындалды. Бар күш-жігер жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыруға, жауынгерлік әлеуетті нығайту мен Қарулы күштерді жетілдіруге бағытталды.

Біз алға тағы бір қадам жасадық. Біздің әскери қызметшілер әскери ынтымақтастық шеңберіндегі түрлі оқу-жаттығуларда, халықаралық жарыстарда жоғары кәсібилік пен ерік-жігерін көрсете білді.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әскери доктринаны қайта қарау жөніндегі тапсырмасы іске асырылды. Арнайы операциялар күштері құрылды, әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жарақтандыру жалғасты, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғауды жақсартуға арналған жұмыстар жүргізілді.

Жастардың патриоттық тәрбиесі де жаңа серпін алды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары бекітілді.

Әрине, бұл өз әскери борышын адал және жауапкершілікпен орындайтын, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жолында адал еңбек ететін азаматтардың еңбегінің жемісі.

Біз шынымен де тарихи 2022 жылды шығарып салғалы тұрмыз.

Біздің Қарулы күштеріміз 7 мамырда өзінің қалыптасуы мен дамуының 30 жылдығын атап өтті.

Осы жылдар ішінде Қарулы күштеріміз нығайып, Отанға лайықты қызмет ете алғанын нық сеніммен айта аламыз.

Мемлекет әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Алғашқы әскери құрылымнан бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құруға дейінгі аралықта айтарлықтай үлкен жолды еңсердік.

Мен Қарулы күштер мен басқа да күштік ведомстволардың жеке құрамына алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені, біз сенімді рух-жігермен, жанқиярлықпен және сауатты құрылған өзара іс-қимылмен жетістікке бірге қол жеткізе алдық.

Мереке күндері жауынгерлік кезекшілікте тұрған және мемлекетімізден тыс жерлерде бітімгерлік миссиясын орындайтын әскери қызметшілерге ең ізгі тілектерімді жолдаймын.

Біз өміріміз бен қызметіміз үшін маңызды тағы бір жаңа жылды қарсы аламыз.

Құрметті достар!

Баршаңызға шын жүректен бақыт, денсаулық, амандық, өркендеу тілеймін! Барлық игі ниеттеріңіз орындалсын!

Жаңа 2023 жыл Отанымыздың игілігі жолында бәріміз үшін жетістіктер жылы болсын!

Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -