20 желтоқсанда Алматыда «Жыл адамы» жобасының бас жүлделері – «Алтын Адам» мүсіні, «Қоғамдық тану» және «№1 Жыл таңдауы» құрмет медальдары табыстала отырып, жеңімпаздарды марапаттаудың жыл сайынғы рәсімі өтті. Бұл игі шара осымен жиырма үшінші рет өткізіліп отыр. Дәстүр бойынша «Жыл адамы» сыйлығының иегерлеріне «Алтын адамның» статуэткасы табыс етілді.
Іс-шараға қатысушылар өз резюмелерін биылғы жылдың желтоқсан айынан түрлі ұйымдардан тапсырған болатын. Комиссия конкурсқа қатысқан лауреаттарды іріктеуде «Жас қызметкер», «Отан қорғаушы», «Жас педагог», «Жас медицина қызметкері», «Жас ерікті», «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жас спортшы» номинациялары бойынша марапаттады.

Шара қорытындысы бойынша, өзгеден алға ұмтылып, өз ісінің маманы және қызметін жаңғырту жолында жыл басынан аянбай еңбек етіп, елеулі дәрежеге жеткізіп, «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы болып Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі кіші сержант Владислав Горизанов атанды. Әскери қызметші қала әкімінің Грамотасымен марапатталып, 300 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Айта кетерлік, Владислав Горизанов атаулы конкурсқа жыл сайын қатысып тұрады. Әскери қызметші тек әскери саладағы конкурстардың қатысушысы ғана емес, қоғамның жастары арасында да қалалық, облыстық, мемлекеттік іс-шаралардың
лауреаты сияқты қоғамға танымал азамат.
Владиславқа біз де өз тарапымыздан сәттілік тілеп, өз ісінің алғыр маманы атана берсін дегіміз келеді.
«Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі