Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов Жаңа жыл қарсаңында елордалық құрамаға барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қайрат Жарылқасынұлы Аяз Ата мен Ақшақармен бірге кезекші бөлімді, жаңа әскерге шақырушылаодың оқу роталарын және ішкі қарауылдарының құрамын келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтады.

Содан кейін полковник Үмбетов 5573-бөлім командирі полковник Аян Есжановтың жаңа жыл қарсаңында қызметке кірісу бойынша мерекелік бұйрықты жариялауға қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы атынан және өз атымнан Сіздерді Жаңа 2023 жылдың басталуымен құттықтаймын. Келер жыл біздің алдымызға елдегі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша тұрақты міндеттер қояды. Біз болашаққа зор сеніммен қараймыз және жақсылыққа шын жүректен сенеміз. Мереке қарсаңында барлық жеке құрамға жанқиярлық қызметі мен әскери борышына адалдығы үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге және жақындарыңызға Жаңа жылда денсаулық, Отанымыздың тыныштығын және бейбіт аспан тілеймін. Деп елордалық құраманың әскери қызметшілеріг құттықтады полковник Қайрат Үмбетов


Айта кетейік, жаңа жылдық құттықтау аясында құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас тәрбиешісі Астана қаласында тікелей қызмет атқаратын әскери жасақтардың әскери қызметшілерін құттықтады.