Шымкентте «Су ресустары - Маркетинг» ЖШС-ның тарифтері төмендетілді

18293
Фотосурет: АР

«Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ның суды таратушы желілері арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтері тарифтерінің төмендеуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Су ресустары - Маркетинг» ЖШС-ның суды таратушы желілері арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтеріне бекітілген тарифтік сметаларының көрсеткіштерін қайта қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, Департаменттің бұйрығымен «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ның тарату желілері бойынша су беру және сарқынды суларды бұру қызметтеріне төмендетілген тарифтер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле отырып бекітілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -