Жаңатас қаласына электр энергиясы берілді

8932

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Сарысу ауданындағы жұмыс сапары төтенше жағдай салдарын жою бойынша жедел штаб отырысымен түйінделді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Басқосуда аймақ басшысы ауданның елді мекендерін электр энергиясымен қамту, Жаңатас қаласына жылу беру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Қазіргі кезде Жаңатас қаласына электр энергиясы беріліп үлгерді. Ендігі кезекте орталық қазандықтың жұмысын жандандыру бойынша шаралар қолға алынуда.

Барлық саладағы қызметтің үйлесімді әрекетінің маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -