Қолма-қол ақшаны пайдаланудың орта мерзімді перспективалары

6215
Фотосурет: Yevgeniy Sambulov/CP

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қолма-қол ақшаны пайдаланудың орта мерзімді перспективалары» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жариялана бастағанын хабарлайды. Қазақстандағы экономика субъектілерінің төлем қалауы туралы зерттеу ҚҰБ-та алғаш рет жүргізіліп отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Негізгі мақсат – қолма-қол ақша айналымының даму тенденцияларын, қолма-қол ақшаға сұранысты қалыптастыратын факторларды анықтау, сондай-ақ экономика субъектілерінің қолма-қол ақша мен олардың номиналды құрылымын пайдалануын зерттеу.

Зерттеу сауалнама әдісімен үш кезеңде жүргізілді. Сонымен қатар, респонденттердің төлем күнделіктеріне талдау жүргізілді, оның көмегімен респонденттер апта ішінде барлық шығындарын тіркеді: сомалар, төлем орны, төлем әдісі және т. б.

Сауалнамаға 9 628 респондент қатысты, оның ішінде: 6 095 – жеке тұлға, 3 533 – кәсіпкерлік субъекті. Зерттеу Қазақстанның 17 облысын және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды.

«Қолма-қол ақшаны пайдаланудың орта мерзімді перспективалары» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ҚҰБ-тың ресми сайтында жарияланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -