Пайдалы қазбаларды өндіруге құқық беретін аукцион өткізіледі

5819
Фотосурет: СР

Осы жылдың 26 мамырында Астана уақытымен сағат: 15.00-де қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын игеруге құқық беруді көздейтін аукцион өткізіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған аукционға алтын, күміс, кварцит, барит, көмір, фосфорит және тағы да басқа қатты пайдалы қазбаларға байланысты 28 лот қойылады.

Аукцион елордада Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша орналасқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ғимаратында немесе «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылдағы 11 мамырдағы «Қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №315 бұйрығы күшіне енген жағдайда электронды форматта өткізіледі.

Оған қатысу үшін өтінімдер алдағы ақпан айының 1-нен бастап 24 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -