Қарағандылықтарды жаңа жылдық концерттерді қайталауға шақырады

7546

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 12 және 14 қаңтарда "Шалқыма" концерт залында күтеді. Музыка білгірлерінің назарына Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің және Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрінің жаңа жылдық концерттерінің қайталануы ұсынылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Он екінші қаңтарда сағат 18:30-да Тәттімбеттің "Қосбасар" күйі, И. Штраустың "Найзағай мен күн күркіреуі" полькасы, Еспайдың “Ақ ілме", Carol Of The bells (щедрик), Toska Fantasy (қобыздағы соло), "Хайуанаттар бағынан қашу" (OST Madagascar), "Виктория" Дж. Вильямс, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің орындауындағы Л. Гайдай к/ф және т. б. тақырыптарындағы Парафразалар.

  • Солистер – Рысты Рахымжан, Қайрат Омаров және Меруерт Башай, сондай-ақ "Аққу" би ансамблі өнер көрсетеді.
  • Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
  • Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
  • Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Он төртінші қаңтарда сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрінің Happy New Year Жаңа жылдық концерті қайталанады.

Бағдарламада еуропалық, американдық және қазақ композиторларының шығармалары бар.

  • Солистер – Қарағанды музыкалық комедия театрының жетекші әртістері Денис Кудряшов пен Елена Федорова, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің вокалисті Рысты Рахымжан, сондай-ақ музыкант Евгений Сидорчук.
  • Дирижерлер – "Құрмет" орденінің иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзин және Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің дирижері Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -