Абай облысының құтқарушылары жүкті әйелді қарлы тұтқыннан босатты

10285

Абай облысы бойынша соңғы тәулікте адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осылайша, 2023 жылғы 5 қаңтар күні таңертен "112" пультіне Аягөз қаласы аудандық ауруханасының бас дәрігерінен Аягөз ауданы Нарынка ауылдық округінің Шынқожа ауылынан жүкті әйелді Аягөз қаласының аудандық ауруханасына жедел жеткізуді талап етілетіні туралы хабарлама келді.

Шақыру орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар - 1 Нива Марш жоғары өтімді техникасы және жеке құрамның 2 адамы шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Жұмыс барысында құтқарушылар қажетті білікті көмек көрсету үшін Аягөз қаласының перзентханасына әйелді жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -