Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысындағы Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутат кездесу барысында Сенаттың заң шығару жұмысына туралы айтып берді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңдарға тоқталды және бірқатар конституциялық заңдарға енгізілген өзгерістер туралы облыс тұрғындарын хабардар етті.

Владимир Волков Мемлекет басшысының 2022 жылғы қазан айындағы Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын кездесуге қатысушылармен бірге талқылады.

Сенатор кездесуден кейін орталық аудандық ауруханада да болды. Онда медициналық мекеменің материалдық-техникалық құрал жабдықтарымен танысты және дәрігерлермен әңгімелесті.