Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстандағы медициналық мекемелердің ескі ғимараты туралы мәселені зерделеді

15873

Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутат Теректі ауданындағы жұмыс істеп тұрған аудандық емхананың жағдайымен танысты. Ондағы жабдықтар түгелімен 100%-ға тозғаны, ал ғимараттың өзі 50-ші жылдары салынған және қазір жөндеу мен жаңартуды қажет ететіні туралы хабардар болды. Сенатор медициналық мекеменің жаңа ғимаратын салуға қаражат бөлу мәселесін республикалық деңгейде көтеру жөнінде ниеті бар екенін атап өтті.

«Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жаңа әлеуметтік нысандар құрылысын салу және республикалық бюджеттен нысаналы трансферт түрінде қаржыландыру мәселелерін шешуге жәрдемдесу қажет» Ләззат Рысбекова

Сенатор сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесіне жаңа ғимарат, Теректі және Бәйтерек аудандарында біркелкі өрт сөндіру деполарын салу мәселелерін талқылады. Сенатор сонымен қатар депутаттармен бірлесіп кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді де талқылады.

Ләззат Рысбекова облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесу барысында жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуге ерекше назар аударды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -