Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

14652

Сенатор Әли Бектаев Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жергілікті мәслихат депутаттарымен, фермерлермен, ақсақалдармен, жастармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге қатысушылар ауылдық елді мекендердің маңызды мәселелерін, аграршыларды мемлекеттік қолдауды, көмір тапшылығын, ауыл шаруашылығына берілетін несиелерді қайта қарау қажетігін, жұмысшылар жалақысының төмендігін және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өз өнімдерін сату барысында тап болатын қиындықтарды талқылады.

Сенатор айтылған мәселелердің бәрін зерделеп, оларды алдағы уақытта заң шығару қызметінде пайдаланатынын атап өтті. Депутат Сенаттың 2022 жылы атқарған жұмыстары, қабылданған заңдар, Парламент жұмысындағы өзгерістер мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар туралы да айтып берді.

 «2022 жылы еліміз үшін жаңа кезең басталды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан Конституциялық реформалар аясында Парламент палаталарының рөлі мен ықпалы күшейе түсті. Бұл реформалар азаматтардың ел басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтіп, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге әсер етеді» Әли Бектаев

Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Арыс қаласының тұрғындарымен де кездесті. Кездесу барысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру және оларға шекті баға белгілеу, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -