Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысының тұрғындарына елімізде қабылданған заңдар туралы айтып берді

15917

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Исатай және Махамбет аудандарында болып, мәслихат депутаттарымен және кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенаторлар кездесу барысында Палата қызметінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ қабылданған заңдардың негізгі жаңалықтарын, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты жұмысының жаңа сипаты туралы түсіндірді.

Кездесулерде сонымен қатар жергілікті тұрғындарды толғандыратын мәселелер және мәслихат депутаттарының түрлі салалардағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

Атап айтқанда, өңірдегі бюджет қаржысын игерудің тиімділігіне, денсаулық сақтау жүйесінің, жолдардың жай-күйіне, ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер сараланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -