Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

15389

Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына сапары барысында Ақжайық, Асар және Бозарық шағын аудандарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор еліміздің одан әрі дамуына бағытталған заңнамалық реформаларды қамтамасыз ету – Сенат жұмысының басымдығы екенін атап өтті. Депутат тұрғындарға азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, халықтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және банкроттық рәсімдерін реттеуге бағытталған қабылданған заңдардың маңызы мен алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді.

Кездесуге келген тұрғындар өз тарапынан заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарудың маңыздылығына қатысты мәселелер туралы айтып, бос жатқан жер телімдерін абаттандыру мәселесін де көтерді.

Сенатор аталған мәселелерді өз бақылауында ұстайтынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -