Жұмыс тобы жаңа Салық кодексіне ұсыныстар жинауда

8701
Фотосурет: Kapital.kz

Мемлекет басшысы 2022 жылығы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түсінікті, ашық, әділ және тұрақты салық саясатын қалыптастыру үшін салық төлеушілерден осы процеcске белсенді қатысуын сұраймыз.

Осы реформалардың күрделілігі мен маңыздылығын ескере отырып, жаңа Салық кодексін әзірлеушілер проблемалық мәселелерді талқылау және олардың шешімдерін табу үшін салық төлеушілермен диалог пен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп кез келген форматта келіп түскен ұсыныстарды қарайды (салыстырмалы кесте немесе идеяларда).

Ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің атына немесе tax@economy.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -