Алматы: Студенттерге «жұма дастарқаны» жайылды

8129

Алматы қаласы Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Жомарт жұма» қайырымдылық акциясы аясында студенттерге дастарқан жайылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Нұр-Мүбарак» университетінде оқитын үздік 30 студентке жұма дастарқаны жайылып, Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев «Білім – ер азығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ер азаматтың қоғамдағы маңызды рөлі мен бүгінгі таңдағы білім алудың өзектілігі жайында сөз қозғалды.

Жұма дастарқанынан дәм татып, әсерлі уағызға қаныққан шәкірттер ризашылығын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -