Алматы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді

8338
Фотосурет: otyrar.kz

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес 2022 жылдың желтоқсан айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге барлығы 110 көпбалалы отбасы келіп, аудан әкімднеріне 111 сұрақ жолданды. Оның 60-ы бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 24 мәселе пысықталды, тағы 27-сі жұмыста.

Негізгі мәселелер:

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) - 28 (25%);
  • білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) - 16 (14%);
  • денсаулық сақтау – 10 (9%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) - 16 (14%);
  • ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 8 (7%);
  • жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар-6 (5%);
  • есепке тіркеу (тіркеу) - 3 (2%);
  • көлік-3 (2%);
  • басқалары-21 (18%).

Қала әкімі 2023 жылғы қаңтарға аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Көпбалалы аналармен кездесу кестесі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -