Ағымдағы жылғы 12 қаңтар күні 112 құтқару қызметіне Хромтау ауданы, Самара-Шымкент тас жолының 819 шақырымында қатты аяз салдарынан "Мерседес" маркалы жолдаушылар автобусының жанар-жағар майы қатып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

Автобус ішінде 33 адам болды, оның ішінде 31 Өзбекстан азаматы мен 2 Қазақстан азаматы.

Құтқарушылар күшімен жолаушылар Хромтау қаласындағы Шерхан кемпингіне жеткізілді.

Медициналық көмекті қажет етпеді.