2023 жылдың 13 қаңтарында «112» қызметіне Бәйдібек ауданы Жарықбас ауылында бір жүкті әйел мен екі науқас адам аудандандық ауруханаға жолдың қар басып қалуына байланысты жете алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 5 құтқарушы мен 1 бірлік трэкол жол талғамайтын көлігі дер кезінде жетіп, жүкті әйел мен екі науқасты аудандық ауруханаға жеткізді.
Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауылды ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қандай да бір төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласуды сұраймыз.