Қызылорда қаласында 8 мектеп салынады

19514

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігінің сайты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда:

  • Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп;
  • сол жағалауда 400 орындық 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернаты;
  • сол жағалауда 900 орындық мектеп;
  • Арай мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
  • КБИ мөлтек ауданында 600 орындық мектеп;
  • СПМК 70 мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
  • Қызылжарма ауылдық округінде 900 орындық мектеп салынады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында №2 мектеп жанынан қосымша 550 орындық, №1 мектеп жанынан 375 орындық, № 264 мектеп жанынан 550 орындық және №3 мектеп-гимназия жанына 375 орындық қосымша ғимарат салынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -