Жастарға жеңілдікпен несие беру кезінде бизнес-жобалардың өзектілігі негіз болады

11275
Фотосурет: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарды әлеуметтік қолдау шараларын әзірледі. 6 мың жас азаматқа 5 жылға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несие берілетін болады. Ерекше қажеттіліктері бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 1,2 млн теңге мөлшерінде 9 мың грант беріледі. Осы мақсатта 28 млрд теңге бөлінді. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, бұл қаржы 35-ке дейінгі жастарға арналған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Т. Дүйсенованың айтуынша, несиені әртүрлі санаттардағы 18 бен 35 жас аралығындағы жастар ала алады.

«Конкурс өткізіліп, әркім өзінің бизнес-жоспарын ұсынады. Бизнес-идеяның өзектілігі жастарға несие беруге негіз болады» Тамара Дүйсенова

Т. Дүйсенованың айтуынша, бизнес-идеялардың өзектілігін өңірлер анықтауы керек, өйткені жергілікті жерлерде қандай жоба қажет екенін олар жақсы біледі. 

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ерекше қажеттіліктері бар жастарға 1,2 млн теңге көлемінде грант қалатынына назар аударды, ол өтеусіз беріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -