Абай облысында құтқару жұмыстары жүргізілді

14520

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында таңғы уақытта "112" пультіне Сұлусары ауылы ауданындағы Өскемен-Алматы тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалғаны және 6 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға орнына дереу №14 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының 3 адамы өтімділігі жоғары "КУНГ" техникасымен жіберілді.

Жол бойында қар құрсауында қалған жеңіл көліктерден 7 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала, құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Қалбатау ауылына келгеннен кейін адамдар "Арнау" қонақ үйіне орналастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -