Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің электронды нұсқасы есепке алу құжаты ретінде танылады

13277

2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электронды актілері бойынша өзгерістер енгізілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Салық кодексінің 190, 193 және 202-баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жазылған Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері салықтық есепте есепке алу құжаты болып танылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерінің электронды нұсқасы енгізілген. 2023 жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша 11 млн-ға жуық осындай электронды актілер «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде жазылған.

Бұл өзгерістер салықтық есепте осындай электронды актілерді есепке алу құжаттамасы ретінде тану үшін енгізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -