Өрт сөндірушілер газ және оттегі баллондарының жарылып кетуіне жол бермеді

15565

2023 жылғы 19 қаңтарда сағат 07.50-де Талдықорған қ. "ISSMILE" фаст-фуд кафесінде 50 ш.м. алаңында ас дайындау бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт  құрамында 24 қызметкер және 6 бірлік техникасы бар Жетісу облысыТЖД қызметкерлерінің күшімен сағат 08.20-да ауздықталып, сағат 08.27-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өрт сөндірушілер газ және оттегі баллондарының жарылып кетуіне жол бермеді

Талдықорған қаласы  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Равиль Шарафутдинов, Әділ Қалиев және Алмас Сексенбаев өз өмірлерін қатерге тігіп, жанып жатқан бөлмеден 3 оттегі баллоны мен 1 газ баллонын (25 литрлік) шығарды. ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ауданы 300 шаршы метрден асатын ғимаратқа  өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығуының алдын-ала себебі - картопты қуыруға арналған қуырғыштың электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Жетісу облысы ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -